2019 жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды дамытуға 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Azattyq Rýhy

Қазақстанда облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың сапасы небәрі 3%-ға жақсарды

фото: pm.kz

Өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті жолдардың сапа көрсеткіші 71%-ке жеткен. 2018 жылы ел өңірлеріндегі жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 68 % болған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

«2019 жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды дамытуға 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Аталған қаражат есебінен 2019 жылы республиканың бар аумағында 386 жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда,  37 жоба – жол құрылысымен, 34 жоба – жолдардың реконструкциясымен, 60 жоба – жолдарды күрделі, 255 жоба – орташа жөндеуден өткізумен байланысты. Тұтастай алғанда, жөндеу жұмыстарымен қамтылған жолдардың жалпы ұзындығы 4 617 шақырымды құрады. Осылайша, жыл қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесі  71% -ке жетті», - делінген сайт хабарламасында.

2020 жылы республикада жолдардың 4 мыңнан астам шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылып, 350 жоба жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдар желісінің үлесін 75%-ке жеткізу көзделуде.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Абайдың 45 сұрағына белгілі режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов жауап берді
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат