Қазақстандағы құрылыс компаниялары тұрғын үй бағасын төмендетті
Агенттік төрағасы Қазақстанда баспана бағасы арзандағанын мәлімдеді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстанда баспана құнының төмендеуі байқалғанын айтты.
Нақтырақ, бастапқы тұрғын үй бағасы 3 пайыздан (қаңтар) 0,4 пайызға дейін (шілде), сондай-ақ қайталама тұрғын үй бағасы 5 пайыздан (қаңтар) 1,1 пайызға дейін (шілде) төмендеген.
Ведомство басшысының айтуынша, елдегі құрылыс компаниялары тұрғын үй бағасын төмендеткен. Мәселен, «РАМС-Қазақстан» компаниялар тобы Алматыдағы бірқатар тұрғын үй кешенінің шаршы метрін 90 мың теңгеге дейін (15%-ға), «BAZIS-A» компаниясы Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің шаршы метрін 20 мың теңгеге дейін, «BI Group» Нұр-Сұлтан қаласындағы 51 кешенде бастапқы тұрғын үйдің құнын орта есеппен 8 пайызға, Алматы қаласында - 11%, Шымкентте - 3%, Атырауда - 4% төмендеткен.