$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2019, 13:36
Үкімет

«Мен руға бөлінбеймін»: Сапарбаев кеудесіндегі белгі туралы айтты

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев кеудесіндегі «қоңыр ат» белгісі туралы айтып берді

«Мен руға бөлінбеймін»: Сапарбаев кеудесіндегі белгі туралы айтты

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев кеудесіне бұрыннан атқа мінген адам бейнеленген белгі тағады. Бүгін Үкіметтегі брифингтен кейін журналистер осы төсбелгінің мән-мағынасын білмек болып вице-премьерге сұрақ қойды. Саясаткердің айтуынша, ат – Сапарбаевтың бойтұмары.

«Әркімнің өзінің бір талисманы болады ғой. Менің талисманым осы. Тағып жүрем, осыған сенем. Ат қой бұл. Қазақ әрдайым атты жақсы көрген. Қазақта аттан түспе деген де сөз бар», - деді ол.

Ел арасында Б. Сапарбаевтың кеудесіндегі аттың белгісі руының таңбасы деген де пікір бар. Алайда, вице-премьер бұл пікірді жоққа шығарып, руға бөлінбейтінін айтты.

«Руға байланысты деген өтірік. Мен жаңа айттым, аттың үстінде отырған адам деп. «Аттан түспе» деген белгі. Мен партияға байланысты шара болса партияның белгісін тағамын. Мынаны өзім тағып жүремін, мен руға бөлінбеймін», - деді вице-премьер.

Журналистер Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовке де осы сарындас сұрақ қойып еді, «менің талисманым жоқ, мен ондайға сенбеймін» деп қысқа қайырды.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары