25.12.2019, 12:39
Үкімет
Сыртқы істер министрлігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды
Бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы мен Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
Фото: mfa.gov.kz
Қазақстанның Польшадағы елшісі Марғұлан Баймұхан қызметінен босатылып, Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Марғұлан Бақытұлы Баймұхан 1974 жылы 6 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. 2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін - сыртқы саясатты талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Әркен Өтенов бұған дейін Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары болған.
Көп оқылған
20.09.2026, 15:13
21 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
20.09.2026, 08:43
Астанада 14 қабатты тұрғын үй кешенінде түнде өрт шықты (ВИДЕО)
20.09.2026, 13:23
Талдықорғандағы жаппай төбелес: полиция қылмыстық іс қозғады
20.09.2026, 14:40
Алматыда полициядан қашпақ болған күдіктіден 500 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді (ВИДЕО)
20.09.2026, 06:28
АҚШ пен Дания Гренландия бойынша келісімге келді
Бүгін, 01:44
Қазақстанда бір тәулікте екі орман өрті тіркелді