Қазақстан Дубайда өтетін EXPO көрмесіне 9 млрд теңге жұмсайды

Қазақстан павильоны көрмеден кейін бұзылып, еліміздегі қалалардың бірінде қайта құрылады

Қазақстан Дубайда өтетін EXPO көрмесіне 9 млрд теңге жұмсайды
Фото: ашық дереккөзден

2020 жылы Дубай қаласында өтетін EXPO халықаралық көрмесіндегі Қазақстан павильонына 9 млрд теңге бөлген. Бұл туралы Сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

«Павильонды дайындау үшін алдыңғы жылдары бюджеттен шамамен 9 млрд теңге бөлінген. Павильон көрмеден кейін бұзылып, осы қаражат (9 млрд теңге –авт.) есебінен Қазақстанға тасымалданып, қайта құрастырылады. Бәлкім Нұр-Сұлтанда, бәлкім өңірлердің бірінде павильон ретінде жұмысын жалғастырады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Айта кетейік, EXPO халықаралық көрмесі 2020 жылы Дубай қаласында өтеді. Көрменің Біріккен Араб Әмірліктерінің ең үлкен қаласында өтетіні жайлы 2013 жылдың 27 қарашасында Париждегі халықаралық көрме бюросының бас ассамблеясында белгілі болды. Ал, Қазақстанда 2017 жылы мамандандырылған көрме өткен болатын.

Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.