Бүгін, 10:08
AR trend

«Қызы тастап кеткен бе?»: Атырауда бозбала түнде шу шығарып, ағаштарды сындырды (ВИДЕО)

Оқиға 22 қыркүйек күні түнгі уақытта болған, видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

«Қызы тастап кеткен бе?»: Атырауда бозбала түнде шу шығарып, ағаштарды сындырды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Атырауда жасөспірім жігіт түнгі уақытта шу шығарып, айналасындағы жұрттың мазасын алып қана қоймай, жол бойында өсіп тұрған ағаштарды сындырып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Желі қолданушылары видеоға қатысты әзіл аралас түрлі пікір жазды.

«Қызы тастап кеткен бе?», «Онсызда таза ауа жоқ. Ұстап алып, 100 ағаш еккізу керек», «Қаланы көөгалдандыру жұмысына жегу керек», «Ұстап алып, көше сыпыртып қою керек қой», «Қыздар, жігіттеріңді тастамаңдар. Атырауда онсызда ағаш аз», «Атырауда ағаштың өзі алтыннан қымбат нәрсе», – деп жазды желі қолданушылары.

Atyrauoil мәліметінше, оқиға 22 қыркүйек күні түнгі уақытта болған. Полиция қызметкерлері жасөспірімді ата-анасымен бірге полиция басқармасына жеткізді.

Полиция жасөспірімді ұсақ бұзақылық және селекциялық-генетикалық мақсаттағы нысандарды бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарап жатыр. Атырау облысының адвокаттар алқасына тиісті сұрау хат жолданған.

Ал баланың тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін оның ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ жасөспірімнің құқық бұзушылық жасағаны туралы оқу орнына ақпарат жолданады. Ол ішкі істер органдарының есебіне алынып, полицияның бақылауында болады.