«Сыбыс таратты»: Айдана Меденова «КешYOU» концертіне неге қатыспағанын түсіндірді
Әнші концертке неге қатыспағанын айтты
Қазақстандық әнші Айдана Меденова Астанада өткен «КешYOU» тобының концертіне не себепті келмегенін түсіндірді. Ол продюсер Бағым Махитдиновамен бірге Instagram-да сторис жариялап, жанкүйерлердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бағым Махитдинованың сөзінше, Меденованың концертте болмауына ешқандай жанжал немесе келіспеушілік себеп болмаған. Оның айтуынша, бұл жағдайға қатысты түрлі сыбыстар тарап үлгерген.
«Бірдеңе болды деп, сыбысты таратып үлгердіңіздер. Бізде бәрі жақсы! Айдана екеуміз қазір басқа жобамен жұмыс істеп жатырмыз. “Хабар” телеарнасында», – деді Бағым Махитдинова.
Еске салайық, бұған дейін Белгілі актриса Аша Матай мен күйеуі, әнші Арман Қоңырға байланысты желіде сұмдық сыбыс тараған болатын.