18.09.2026, 22:50
AR trend

«Ажырасып кеткен бе?» Аша Матайдың күйеуі шетелде модель қызбен жүргені туралы сыбыс тарады

Қытайдың Яңшо қаласында жүрген суреттері жарияланды

«Ажырасып кеткен бе?» Аша Матайдың күйеуі шетелде модель қызбен жүргені туралы сыбыс тарады
Фото: Әлеуметтік желідегі парақшаларынан алынды

Белгілі актриса Аша Матай мен күйеуі, әнші Арман Қоңырға байланысты желіде сұмдық сыбыс тарады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Threads желісінің қолданушысы Арман Қоңыр Қытайдың Яңшо қаласында жүрген суретін жариялап, дәл осы жерде модель Айдана Рахымбаеваның да қыдырып жүргенін көрсетті. Сол сияқты олардың әлеуметтік желіде жариялаған суреттерінің өте ұқсас екені көрсетілген.

«Арман шет елде басқа қызбен жүр ғой. Аша екеуі ажырасып кеткен бе?» - деп жазды Threads қолданушысы.

Оның бұл жазбасына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Бәсе, Аша кімге нені дәлелдей алмай жүр десем, осы екен ғой», «Мә, полицияның өзі бұлай жұмыс істемейтін шығар», «Осы сендердің дендерің дұрыс па? Осы біреудің өмірлерінде нелерің бар?», «Сенбейін десем сендіріп тұрсыңдар», «Сендерге детектив болу керек. Ерінбей барып, көріп келдім, қасқа. Шындық сияқты», - деп жазды желі қолданушылары.