«Бензин шашып, өртеп жіберемін»: Астанада ер адам экс-сүйіктісін қорқытқаны үшін соттан бір-ақ шықты
Сот үкімімен оған 60 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды
Астанада ер адам бұрынғы сүйіктісін өртеп жіберемін деп қорқытқаны үшін соттан бір-ақ шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот үкімімен оған 60 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалып, оның мінез-құлқына бірқатар ерекше талап белгіленді. Атап айтқанда, жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды.
Оқиға қызғаныш салдарынан болған. Ер адам бұрын бірге тұрған әйелінің жұмыс орнына бензин құйылған бөтелкемен келген.
«Әйелмен қарым-қатынасын қалпына келтіру мақсатында ол жәбірленушіні өртеп жіберемін деп қорқытқан. Кейін оның үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өміріне нақты қауіп төндірген. Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді», – делінген прокуратура хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.