$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2021, 10:35
Үкімет

Ashyq жобасы «қызыл» мәртебесі бар 10 мыңнан астам адамды анықтады

Алексей Цойдың айтуынша, 16 мыңнан астам нысанда індеттің таралуына жол берілмеген

Ashyq жобасы «қызыл» мәртебесі бар 10 мыңнан астам адамды анықтады
Фото: inform.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq жобасы арқылы анықталған заңбұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ведомство басшысы Ashyq жобасына кіру талаптарын жеңілдету қатысушылардың үш есе өсуіне ықпал еткенін айтты. Осылайша, 27 шілде мен 2 тамыз аралығында Ashyq жобасына қатысушылар саны 21 900-ден 67 782-ге дейін өскен.

«Ashyq жобасы аясында мониторингтік топтар жобаға қатысушы 50 мың нысанды қамтыды. 642 нысанда заңбұзушылықтар анықталды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен алынған деректер бойынша, 10 шілдеден бастап 16 663 заң бұзушы анықталды. Олардың ішінде 10 305-і «қызыл» және 6 358-і «сары» мәртебесі бар келушілер. Осылайша, 16 мыңнан астам нысанда халықтың коронавирус инфекциясын жұқтыруына жол берілмеді», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Серіктес жаңалықтары