$ 524.65  552.19  5.14
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2021, 09:36
Үкімет

Алексей Цой тамыз-қыркүйек айларына болжамын ұсынды

Ел ауруханаларындағы төсек-орын 56 пайызға толып тұр

Алексей Цой тамыз-қыркүйек айларына болжамын ұсынды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінгі Үкімет отырысында тамыз-қыркүйек айларына болжамын ұсынды.

«Эпидемиологиялық жағдайды болжау негізінде тамыз-қыркүйекте біз оптимистік сценариймен келе жатырмыз. 2 айда тіркелетін жағдайлардың болжамды саны 250 мың адамға жуықтайды. Яғни тәулігіне орташа есеппен 7 мың адам», - деді Цой үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, ел ауруханаларындағы төсек-орын 56 пайызға толып тұр. «Қою қызыл» аймақта төрт өңір тұр: Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды облыстары.

«Тамыз-қыркүйекке эпидахуалға болжам жасауға сәйкес, біз оптимистік сценарий бойынша келе жатырмыз. Оптимистік сценарийдің алдағы дамуы карантин режимін сақтап, вакцинация қарқынын көбейтумен байланысты», - деді министр.    

Серіктес жаңалықтары