$ 524.65  552.19  5.14
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2021, 10:44
Үкімет

Дельта штамының таралуына байланысты сырқаттанушылық өсті – Асқар Мамин

Үкімет басшысы әкімдер мен министрлікке тапсырма берді

Дельта штамының таралуына байланысты сырқаттанушылық өсті – Асқар Мамин
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин өңірлердің әкімдеріне және ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін тапсырмалар берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Дельта штамының таралуына байланысты аймақтардағы эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Республика бойынша ауырғандар саны айтарлықтай өсті. Аурухана төсектерінің қамтылуы 56%-ды, реанимациялық төсектердің қамтылуы 44%-ды құрайды», - деді Үкімет басшысы.

Асқар Мамин вакцинациялау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Бүгінгі таңда елімізде бірінші компонентпен 5,4 млн-нан астам адам егілсе, екіншісін 4 млн-ға жуық адам салдырды.

«Ведомствоаралық комиссия алдын алу шараларын қабылдайды, 2 тамыздан бастап өңірлерде күшейтілген карантиндік шаралар күшіне енді. Қабылданған барлық карантиндік талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі таңда Ashyq жобасы бизнеске карантиндік шаралар жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деді Премьер-министр.

Ол өңірлердің әкімдері мен Денсаулық сақтау министрлігіне барлық ауруханалардың, бастапқы пункттердің, мобильді бригадалардың, ПТР-зертханалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, ІІМ мен Денсаулық сақтау министрлігіне карантин мен санитарлық нормалардың бұзылуын бақылау және анықтау бөлігінде мониторингтік топтардың жұмысын күшейту тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары