$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.12.2019, 18:45
Үкімет

Алты мемлекеттен келген өкілдердің қатысуымен ЕДБ кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Үкімет басшысы Асқар Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді

Алты мемлекеттен келген өкілдердің қатысуымен ЕДБ кеңесінің отырысы өтті
Фото: primeminister.kz

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) Кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайтында хабарланды.

Шараға банк акционерлерінің өкілетті өкілдері: Армениядан – вице-премьер М. Григорян және қаржы министрінің орынбасары А. Айрапетян, Беларусьтен – қаржы министрі М. Ермолович және экономика министрі Д. Крутой, Қырғызстаннан – қаржы министрі Б. Жеенбаева және экономика министрі С. Муканбетов, Ресейден – үкімет төрағасының бірінші орынбасары –  қаржы министрі А. Силуанов және қаржы министрінің орынбасары С. Сторчак, Тәжікстаннан – қаржы министрі Ф. Каххорзода және экономикалық даму және сауда министрі З. Завкизода, Қазақстаннан – Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов қатысты.

Отырыста Еуразиялық даму банкінің 2019 жылғы жұмыс қорытындысы талқыланып, 2020 жылға арналған міндеттер айқындалды. Кеңес ірі инвестициялық жобаларды бекіту, цифрлық бастамаларды іске асыру және Банк қатысушыларының құрамын кеңейту мәселелерін қарастырды.

Осы жылы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ЕДБ-ның инвестициялық қоржыны $4 млрд-тан асты, өсімі 2018 жылмен салыстырғанда 18% ($621 млн) құрады. Биыл 11 айда $1,2 млрд жуық көлемді қамтитын 23 жаңа инвестициялық жобаға қол қойылды, олар энергетика (27,9%), инфрақұрылым (22,4%), қаржы секторы (15%) және басқа да салаларды қамтиды. Банктің инвестициялық қоржынының құрылымы бойынша Ресей (42,8%) және Қазақстандағы (42%) жобалардың үлесі басым. Оның 11,2% - Беларуське, 2,3% – Арменияға, 1,6% – Қырғызстанға, 0,1% – Тәжікстанға тиесілі.

Биыл ЕДБ қаржы институттарын – жергілікті банктерді есептік қызмет көрсетуді іске қосты, осылайша, «банктер үшін банк» тұжырымдамасын жүзеге асырды, және жергілікті биржаларды қамтыды. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 40 қаржы институты үшін 134 есепшот ашылды.

Серіктес жаңалықтары