$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.12.2019, 16:41
Үкімет

Бурдж-Халифаға Қазақстанның туын бейнелеуге Үкіметтен ақша бөлінген жоқ - СІМ

Дубай қаласындағы әйгілі Бурдж-Халифа ғимаратының биіктігі – 828 метр

Бурдж-Халифаға Қазақстанның туын бейнелеуге Үкіметтен ақша бөлінген жоқ - СІМ
Фото: ашық дереккөзден

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тәуелсіздік күніне орай әлемдегі ең биік Бурдж-Халифа ғимаратында Қазақстанның туын бейнелеуге Қазақстан тарапы қомақты қаражат жұмсады деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл бастама Дубай тарапынан шыққан. Бұл тегін шара. Ешқандай қаржыландыру көзделмеген. Жаратылмаған. Мұндай тәжірибе бұған дейін де болған. Қазақстанға дейін Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Түркіменстан, тағы басқа елдердің де туы болды. Айта кету керек, сол күні Бурдж-Халифа ғимаратында Бахрейннің де туы бейнеленді»,- деді ол журналистерге өткізген брифингте.

Бұған дейін әлеуметтік желі мен бірқатар БАҚ-тарда Бурдж-Халифаға жарнама берудің 3 минуты 68 мың доллар тұратыны туралы ақпарат таратқан.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары