ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Нұрлан Нұржанов Есеп комитетінің мүшесі болып қайта тағайындалды

Палата депутаттары Сенат спикерінің ұсынысын бірауыздан қолдады

көрнекі фото

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі қызметке тағайындалды.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі қызметіне осыдан бес жыл бұрын тағайындалған Нұрлан Амангелдіұлы Нұржановты жаңа конституциялық мерзімге тағайындауды ұсынды.

Палата депутаттары Сенат спикерінің ұсынысын бірауыздан қолдады.

Еске салайық, 16 маусымда Есеп комитетінің екі мүшесінің өкілеттік мерзімі аяқталып, олардың орнына Рүстем Нұрпейісов пен Юлия Энгельдің кандидатурасы ұсынылды. Мәжіліс депутаттары Есеп комитетінің мүшелігіне ұсынылған екі үміткердің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.