$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2021, 14:41
Үкімет

Аудандық, қалалық және ауылдық округтердің дербестігі жөніндегі заң жобасы мақұлданды

Заң жобасында мәслихат сессиясының төрағасы лауазымын тарату көзделген

Аудандық, қалалық және ауылдық округтердің дербестігі жөніндегі заң жобасы мақұлданды
көрнекі фото: parlam.kz

Бүгін Сенаттың пленарлық отырысы барысында депутаттар «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, заң жобасы бірқатар нормативтік құқықтық актілерге аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің кіріс базасын кеңейту; бюджеттік рәсімдерді оңайлату; әкімшілік-аумақтық бірліктерге қойылатын талаптарды жетілдіру; дербестікті кеңейту және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жауапкершілігін күшейтуге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Бюджеттің кіріс көздерін ұлғайту үшін ЖӨБ бюджеттің IV деңгейіне салықтар мен төлемдердің қосымша төрт түрі беріледі. Бұдан басқа, бюджеттік рәсімдер жеңілдетіледі. Атап айтқанда, ауылдық округ әкімі аппараты үшін бюджетке жиырма пайыздан аспайтын көлемде түзету енгізіледі. Түзету жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша жүргізіледі.

«Бюджет кодексіне қаржы жылы ішінде аудан мен ауылдық округ бюджеттері арасындағы ЖСТ көлемінің өзгеруіне жол бермейтін нақтылаушы норма енгізіледі. Осылайша, ауылдық округтер әкімдерінде субвенцияларды азайту немесе алып қоюларды ұлғайту қаупінсіз ауылдық округтердің салық салынатын базасын ұлғайтуға мүдделілік болады», - деді министр.

Сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктер санатын өзгерту тәртібі де айқындалады. Қала мәртебесінің өзгеруі сәйкес келмеген жағдайда бес жыл ішінде, ауылдарда үш жыл ішінде жүзеге асырылады.

Заң жобасында мәслихат пен олардың депутаттарының мәртебесін арттыру бойынша түзетулер, атап айтқанда, мәслихат сессиясының төрағасы лауазымын тарату және оның өкілеттігін мәслихат хатшысына беру көзделген.

«Заң жобасы өңірлердің дербестігі мен жауапкершілік деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп, жергілікті маңызы бар мәселелерді жедел шешу үшін бюджеттік рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетеді», - деді Ұлттық экономика министрі.

Серіктес жаңалықтары