ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

Есеп комитетінің жаңа екі мүшесі тағайындалды - Мәжіліс

Үміткердің екеуі де есеп комитетінің аппаратында жұмыс істеген

көрнекі сурет

Есеп комитетінің екі мүшесінің өкілеттік мерзімі аяқталып, олардың орнына Рүстем Нұрпейісов пен Юлия Энгельдің кандидатурасы ұсынылды. Мәжіліс депутаттары Есеп комитетінің мүшелігіне ұсынылған екі үміткердің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Үміткердің екеуі де есеп комитетінің аппаратында жұмыс істеген.

Парламенттің әр палатасы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін қызметке тағайындайды. Сондай-ақ олардың кандидатурасын палата төрағасы ұсынады.

Рүстем Нұрпейісов 2018 жылдан бері Есеп комитеті аппараты экономиканың нақты секторына аудит жүргізу бөлімінің басшысы, мемлекеттік аудитор қызметін атқарып келді.

Юлия Энгель 2017 жылдан бастап Есеп комитеті аппаратының Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы қызметін атқарды.