$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.06.2021, 13:54
Үкімет

Жекеменшік сот сарапшылары өз ұйымын құра алады - Мәжіліс

Сот-сараптама қызметіне өзгеріс енгізілді

Жекеменшік сот сарапшылары өз ұйымын құра алады - Мәжіліс
көрнекі фото

Мәжіліс сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Депутат Снежана Имашеваның айтуынша, біріншіден «Сот-сараптама қызметінде жаңа субъект – «мемлекеттік емес сот-сараптама ұйымын» құруға мүмкіндік болады. Бұл жаңашылдық жеке сот сарапшыларының сот-сараптама қызметі үшін материалдық-техникалық, зертханалық және ғылыми база құру бойынша бар ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекеттік аппарат жүктемесін жеңілдетіп, сараптама жүргізу мерзімін айтарлықтай қысқартады.

Екіншіден, құжатта сот сарапшыларын аттестаттау рәсімін сертификаттау рәсіміне ауыстыру ескерілген. Сертификаттау сот сарапшыларының кәсіби, оның ішінде халықаралық стандарттарға сәйкестігін неғұрлым тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу сапасының жоғары деңгейін қамтамсыз етеді.

Үшіншіден, сот-сараптама қызметін стандарттау рәсімін енгізу сот сарапшысына зерттеу барысында валидациядан өткен ғылыми негізделген әдістемелермен қатар, ұлттық стандарттарды да қолдануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, заң жобасында Әділет министрлігі мен сот сарапшылары палатасының кейбір құзыреттері нақтыланды. Соның нәтижесінде сот-сараптама қызметтері нарығында бәсекелестікті қалыптастыру міндеті мен мемлекеттік бақылау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік болады.

Серіктес жаңалықтары