ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Мәжіліс бірінші сессиясын қорытындылады

Депутаттар өңірлерді аралап, сайлаушылармен кездеседі

Нұрлан Нығматулин, фото: parlam.kz

Бүгін жетінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының соңғы отырысы өтіп, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен сессия жұмысын қорытындылады.

«Осы сессиядағы жаңа және нақты қадамдар Мәжілістің заң шығару жұмысын одан әрі күшейтуге жол ашты.Соның нәтижесінде, Мәжіліс саяси, әлеуметтік, экономикалық маңызы зор көптеген заңдарды қабылдады. Көптеген парламенттік шаралар ұйымдастырылды. Бұл жолда біз, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Стратегиялық бастамаларын және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойған міндеттерін басшылыққа алдық. Оның барлығы, халқымыздың өмір сапасын арттыруға, еліміздің тұрақты дамуын заң деңгейінде қамтамасыз етуге ықпал етті», - деді ол.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, сессия барысында депутаттар заң шығарушылық бастамаларын белсенді қолданып, 10 заң жобасын әзірлеп шыққан.

Сондай-ақ, осы сессияда индустриялық-инновациялық даму, қаржы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және аймақтық даму мәселелеріне қатысты 230-дан аса депутаттық сауал жолданды.

Енді депутаттар өңірлерге, шалғайдағы ауылдық жерлерге барып, сайлаушылармен кездеседі.