Нұр-Сұлтан әкімдігіне бір аптада эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру тапсырылды
ВАК-тың көшпелі отырысы өтті

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығы және Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен ҚР аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысы өтті, онда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай қаралды.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуал қолайсыз деп бағаланды: соңғы аптада КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі 43%-ті құрады, төсек-орын жүктемесінің артқандығы және емдеуге жатқызылатын науқастар санының ұлғаю тенденциясы байқалады.
Кеңесте Денсаулық сақтау министрлігі басшылығы тарапынан қаланың медициналық мекемелері эпидемияға қарсы режимнің бұзылғандығы, КВИ жұқтырған науқастарға медициналық көмектің уақытылы көрсетілмейтіндігі мен сапасыздығы, сондай-ақ мониторингтік топтар жұмысының әлсіреуі, халықты вакциналау бойынша белсенді жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді. Ағымдағы жылғы мамыр айында елорда бойынша халықты КВИ-ға қарсы иммундау көрсеткіші сәуір айымен салыстырғанда 50%-ға төмендеген.
Барлық анықталған кемшіліктер бойынша Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне бір апта ішінде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін оларды жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл мәселе ВАК-тың тұрақты бақылауында болады.