ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Мүгедек жандарға арналған қайырымдылық акциясын өткізу туралы ақпарат жалған - Еңбек министрлігі

Желіде қайырымдылық акциясы 23 шілдеде өтеді деп хабарланған

көрнекі фото

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мүгедектігі бар адамдарға арналған қайырымдылық акциясын өткізу туралы ақпараттың жалған екенін хабарлады.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан - 23 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанында мүгедектігі бар адамдарға арналған қайырымдылық акциясы өтетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Министрлік мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қандай да бір акция өткізу жоспарланбағанын хабарлайды», - делінген.

Еске салайық, Еңбекмин мүгедектік себебіне қарамастан, I топтағы мүгедектік кезінде күтім жөніндегі жәрдемақыны енгізуді; жәрдемақылардың мөлшерін қайта қарай отырып, 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлуді; мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беруді; кәмелетке толған кезде мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін тұрғын үй кезегін сақтауды және басқа да нормаларды көздейтін заң жобасын әзірледі. Аталған заң жобасын биыл Мәжілісте мақұлданып, Сенатқа жіберілді.