$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.05.2021, 15:18
Үкімет

Вице-министр Ashyq жүйесіндегі ақауларға қатысты жауап берді

Ashyq жобасын пайдаланушылар саны 1,7 млн адамды құрайды

Вице-министр Ashyq жүйесіндегі ақауларға қатысты жауап берді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов 24 мамырдағы жағдай бойынша Ashyq жобасын пайдаланушылар саны 1,7 млн адамды құрайтынын айтты. 2631 қызыл, 2074 сары пайдаланушылар бар.

Ashyq жобасында азаматтар мәртебесі болуы үшін «Вакцинациялаудың электрондық паспорты» сервисімен интеграция бойынша жұмыс жалғасуда және жақын арада іске асырылады.

«Ashyq жүйесі жұмысындағы техникалық проблемалар мобильді қосымшаға мүліктік құқықтарды мемлекетке берумен және толық сүйемелдеу мен операторға бейімделуге көшумен байланысты болды. Енді техникалық ақаулар мәселесін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ұлттық операторы қадағалайды. Онда жоғары санатты мамандар жұмыс істейді. Олар сервистің жұмысқа қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді», - деді Әсет Тұрысов.

Ashyq –  қоғамдық орындарға баратын адамдарды тіркеуге арналған қосымша. Нысанға кірмес бұрын пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді де, оны кіреберісте тұрған әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Ал азаматтардың статусы денсаулық сақтау министрлігіндегі мәліметтер базасымен салыстырғаннан кейін белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары