ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Ресей шекарасында кезекте тұрған 5 жүк көлігі бар - МКК

Бейтарап жолақта кезек күтіп тұрған автокөлік құралдары жоқ

көрнекі фото: news24.pro

24 мамырдағы жағдай бойынша Ресейдің «Маштаково» автомобиль өткізу пунктінде Ресей Федерациясының аумағында кезекте тұрған жүк көліктерінің саны - бесеу. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды. 

Бейтарап жолақта кезек күтіп тұрған автокөлік құралдары жоқ.

Қазақстан Республикасының аумағында «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде импорт пен экспорт үшін шығу кезегі жоқ.

Еске сала кетейік, 21 мамырда Ресейдің «Маштаково» автомобиль өткізу пунктінде Ресей Федерациясының аумағынан тыс жерде 365 бірлік көлемінде жүк автомобильдерінің жиналуы байқалды.

Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер халықаралық тасымалдаушыларға жолға шығар алдында Ресей Федерациясымен шекарадағы қозғалыс бағытын алдын ала түзетуге кеңес берді.