$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2021, 13:21
Үкімет

Биыл соңғы қоңырауды өткізуге қатысты бірнеше формат ұсынылды

Соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда өткізіледі

Биыл соңғы қоңырауды өткізуге қатысты бірнеше формат ұсынылды
көрнекі фото: massaget.kz

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова министрліктің аппарат жиналысында биыл Қазақстанда соңғы қоңырау қалай өтетінін айтты.

Соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда өткізіледі. Шектеу шаралары ескеріліп, соңғы қоңырауды ұйымдастыруға бірнеше формат ұсынылмақ.

«Біріншіден, дәстүрлі түрде ашық таза ауада 9 және 11-сынып оқушылары үшін, сондай-ақ 300-ге дейін оқушысы бар әрі осы уақытқа дейін штаттық режимде оқытып келе жатқан мектептер өткізе алады. Тағы екі нұсқа ұсынылып отыр, яғни сынып ішінде немесе онлайн түрде өткізу қарастырылған. Қажет деп санаса, сынып ішінде өткізу нұсқасы ұсынылады. Ал қашықтан оқытып жатқандар үшін соңғы қоңырау мерекесі онлайн режимде болады», - вице-министр.

Сондай-ақ, маусым айының ортасында аттестат табыстау рәсімін де далада өткізу жоспарланып отыр. 9 және 11 сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау саны қысқартылды, яғни тоғызыншы сыныпта 3 пән бойынша және 11-сыныпта 4 пән бойынша.

Серіктес жаңалықтары