АШМ Қырғызстаннан құтырған малдың еті әкелінгені жайлы ақпаратқа жауап берді
Мессенджер аудиожазба тарады
WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға Қырғызстаннан құтыру ауруына шалдыққан малдың еті әкелінгені туралы аудиожазба тарады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіндегілер бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Аудиожазбада ер адам Қырғызстаннан елімізге құтыру ауруына шалдыққан малдың еті әкелініп жатқанын айтқан.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені Қырғызстаннан ет өнімдерін әкелуге шектеу енгізілген. Бұл шара осы республикадағы жануарлардың қауіпті аурулары бойынша қолайсыз жағдайға байланысты қабылданды. Етті контрабандалық жолмен тасымалдау әрекеті ресми расталған жағдайда, мемлекеттік шекараның қазақстандық-қырғыз учаскесінде бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданатын болады», – делінген ведомство жауабында.