11.05.2021, 16:26
Үкімет
Тоқаев құжатқа қол қойды: Қазақстан мен Македония сотталған азаматтарымен алмасады
Қазір екі ел арасында беруге жататын азаматтар жоқ
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР заңына қол қойды.
Бұдан былай қылмыстық жауапкершілікке тартылған қазақстандықтар Солтүстік Македонияда жасырына алмайды. Ратификация аясында екі ел іздеуде жүрген адамдарды бір-біріне ұстап беру және сотталған адамдармен алмасу қарастырылған.
Қазір екі ел арасында беруге жататын азаматтар жоқ. Қазақстан бүгінге дейін 30-ға жуық мемлекетпен осындай шарт жасасты. Бүгінде шет елдерде жазасын өтеп жатқан 922 қазақстандық бар.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды