ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2549 адамнан коронавирус анықталды

Барлық мектепте оқу жылы 25 мамырда аяқталады

19 маусымға дейін жазғы мектептер жұмыс істейді

көрнекі фото

Биыл мектеп оқушылары үшін оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Мұғалімдер де әдеттегідей 56 күн демалысқа шығады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Білім және ғылым министрлігі жазғы мектептерді ұйымдастыру бойынша бұйрыққа қол қойылып, педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар білім беру ұйымдарына жіберілді.

19 маусымға дейін жазғы мектептер жұмыс істейді. Балалар өз қалауы бойынша, ата-аналарының өтінішімен 19 маусымға дейін сабақтарға қатыса алады. Мұғалімдердің еңбек демалысына қатысты өзгеріс болмайды, педагогтер әдеттегідей жазда 56 күн демалады. Барлық жұмыс заң аясында, құқықтық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады.

«Алдымен үлгерімі төмен балалармен жұмыс істеу керек. Бұл мәселе де назарда тұрғаны дұрыс. Себебі, сабағын жақсы оқитын балалардың үлгерімі пандемия кезінде де қатты төмендеген жо. Ал керісінше, үлгерімі төмен балалар қиындық көріп, одан сайын төмендетіп алуға тәуекелдер болды», - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов БҒМ аппараттық кеңесінде.