Қожағапанов жемқорлық күдігіне ілінген Мұсайбековтың орнына тағайындалды ма?
Ерлан Қожағапанов спорт саласына жетекшілік етеді
Мәдениет және спорт министрінің үш орынбасары бар. Архив ісі және құжаттама, мемлекеттік рәміздер, тіл саясаты, мәдениет саласына жауапты вице-министр - Нұрғиса Дәуешов.
Туризм, лотерея қызметі және ойын бизнесі бойынша жауапты вице-министр - Ғабидолла Әбдірахымов.
Ал, бүгін Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Ерлан Қожағапанов Үкімет қаулысымен Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Қай салаға жетекшілік етеді? Ол кімнің орнына тағайындалды?
Azattyq Rýhy тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне хабарласып, мән-жайды нақтылады. Жаңа вице-министр (Ерлан Қожағапанов) спорт саласына жетекшілік етеді. Ал бұған дейін аталған салада қызмет еткен Сәкен Мұсайбеков Үкімет қаулысымен қызметінен босаған.
Алайда, Сәкен Мұсайбековтың қызметінен кеткені туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ.
Еске сала кетейік, 22 ақпанда Telegram-каналдардың бірінде Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың жемқорлық қылмысына күдікті ретінде ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Онда шенеуніктің Нұр-Сұлтан – Дубай рейсінен түсірілгені айтылған.
Сол уақытта Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің вице-министр Сәкен Мұсайбековтың еңбек демалысына (22 ақпан мен 5 наурыз аралығы) кеткенін мәлімдеді.
26 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров вице-министрдің букмекерлік қызмет саласындағы лоббиі мен жалпы қамқорлығы үшін заңды тұлға құрылтайшысынан пара алу күдігіне ілінгенін айтты.
Время басылымының жазуынша, Мұсайбековке Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты тарифтерді есепке алу үшін таңдалған Орталық операторы ЖШС-дан құны 3 миллион тұратын қымбат сөмке алған.
Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан