QazVac вакцинасының қауіпсіздігі расталды - ДСМ

Алдын ала мәлімет: отандық вакцинаның тиімділігі 90%-дан жоғары

QazVac вакцинасының қауіпсіздігі расталды - ДСМ

Отандық QazVac вакцинасының клиникалық зерттеудің I-II кезеңіндегі нәтижелері және III фазадағы аралық есебі оның қауіпсіздігін растайды. Бұл туралы ҚР аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметінен хабарланды.

Қазақстандық вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі Хаттамада көзделген зерттеу субъектілерінің 50% белгісінен өтті және оны ағымдағы жылдың 25 маусымында аяқтау жоспарланып отыр. Осыдан кейін QazVac тиімділігін толық бағалау жүргізіледі.

Ресей «Спутник V» вакцинасы бойынша зерттеуін биыл мамыр айының басында аяқтауды жоспарлап отыр, ал әлемдегі көптеген фармацевтикалық компаниялар зерттеуін 2022-2023 жылдары аяқтайды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, QazVac вакцинасының тиімділігі 90%-дан жоғары.

Вакцинация 18 жастан асқан адамдарға ұсынылады. 18 жасқа дейінгі балалар үшін тиімділік пен қауіпсіздік зерттелмеген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.