Парламент Қырғызстанмен көші-қон туралы келісімді қабылдады

Былтыр көрші мемлекеттен 674 адам заңсыз келгені үшін Қырғызстанға қайтарылды

Парламент Қырғызстанмен көші-қон туралы келісімді қабылдады
Tengrinews

Сенат заңсыз көші-қонға қарсы күреске және қос азаматтығы бар адамдарды анықтауға бағытталған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Екі елдің құқық қорғау органдары азаматтардың жеке деректерімен алмаса алады.

«Бұл құжат азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді. Біз азаматтар туралы жеке ақпарат ала аламыз. Бұл екі ел Үкіметтерінің тәжірибе алмасуына және бір-біріне практикалық көмек көрсетуге бағытталған. Дәл осындай келісімдер Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Беларусь республикасымен жасалған», - деп хабарлады Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

ІІМ ақпараты бойынша, өткен жылы Қырғызстаннан Қазақстанға 280 мыңнан астам адам келген. Бұл ретте сот тәртібімен 674 адам заңсыз келгені үшін қайта депортацияланды. 3 мыңнан астам шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, ел арқылы көші-қон транзитінің заңсыз арнасын ұйымдастырғаны үшін 27 қылмыстық іс қозғалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.