Зымырандардың химиялық сұйықтықтары Қарағанды облысына қауіп төндіруде

Жезқазған қаласында қатерлі ісікке шалдыққандар саны артқан

Зымырандардың химиялық сұйықтықтары Қарағанды облысына қауіп төндіруде
Фото: ашық дереккөзден

Жезқазған қаласында қатерлі ісікке шалдыққандар саны жыл сайын артып келеді. 2016 жылы науқастар саны 241,5 болса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 293,6-ға жеткен. Мұндай деректерді Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов төменгі палатаның кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Байқоңыр ғарыш айлағының қызметіне байланысты проблемалар бойынша Жезқазған өңірінің тұрғындары халық қалауларына өз шағымдарын жазған.

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын зымырандардың сүйық реактивті қозғалтқыштарында асимметриялық диметилгидразин (НДМГ) немесе жеңілдетілген Гептил қолданылды. Гептил бірінші қауіптілік класындағы заттарға жатады-оның адам үшін өлім дозасы бір литр суға 1 микрограмды құрайды. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Байқоңырдан (1959 жылдан бастап) ғарыш кемелерін ұшыру сәтінен бастап 600-ден астам зымыранның сатылары құлаған. Соңғы 10 жылда Қазақстан аумағында үш авария (отынның төгілуімен) болды», - деді Мәжіліс депутаты.

Арман Қожахметов РН апаттары болған жерлерді қайта қалпына келтіруге шамамен 10 жыл уақыт кететінін ескеріп, осы аралықта қоршаған ортаның жай-күйіне бақылауды тұрақты түрде қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

«РН апаттық құлау аудандарына іргелес аумақтарды әлеуметтік зерттеу нәтижелері зымыран-ғарыш қызметімен (РКД) байланысты психоэмоционалды фактор халықтың эртүрлі топтарының денсаулық жағдайына әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді, өйткені созылмалы стресс әртүрлі патологиялық процестердің пайда болуына ықпал етеді», - деді депутат.

Сөз етілген бірқатар проблемаларға қатысты депутаттар Үкімет басшысынан мәселені қарастыруды сұрады.

«Байқоңыр ғарыш айлағына іргелес аумақтардың және зымыран сатыларының құлау аймақтарының ластану деңгейі туралы ақпарат ұсынуды; ластанған өңірлерде тұратын халықты жыл сайын скринингтік тексеруден өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды; зымыран сатыларының құлау аймақтарын және апат орындарын кешенді зерделеуді ұйымдастыруды; зымыран отынының химиялық элементтерін залалсыздандыруға бағытталған қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерін жыл сайын қаржыландыруды белгілеуді; Жезқазған, Сэтбаев қалалары мен Қарағанды облысы ¥лытау ауданының "Байқоңыр" ғарыш айлағына тікелей іргелес елді мекендерін экологиялық дағдарыс жағдайына дейінгі аумақтарға жатқызу мэселесін қарауды сұраймыз», - деді Мәжіліс депутаты.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.