$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.03.2021, 12:31
Үкімет

Семейде салынатын полигон БҚО-дағы нысаннан 34 есе қымбат - Андрей Линник

Депутат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында шығындардың тым көп екенін айтты

Семейде салынатын полигон БҚО-дағы нысаннан 34 есе қымбат - Андрей Линник
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Елордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік желісі бойынша бір мектептің құны 7,5 млрд теңгеге бағаланған. Бұл ретте қарапайым мектепті салуға мемлекет 1,5 немесе 2 миллиард теңге жұмсайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Андрей Линник мәлімдеді.

«Жалпы алғанда, 30-40 млрд теңгегенің орнына 150 млрд теңгеге 20 мектеп салу жоспарланған. Демек, салық төлеушілердің қалтасынан 110-120 млрд теңге артығымен төленетін болады. Жылдар бойына біреудің 4 есе қымбат несиесін жауып жүргеннен, сол мектептерді 30-40 миллиард теңгеге салған әлдеқайда тиімді емес пе?», - деді Мәжіліс депутаты.

МЖӘ аясындағы артық шығындарға қатысты депутат тағы бір мысал келтірді.

«Семей қаласында МЖӘ желісі бойынша 6,8 млрд теңгеге қоқыс өңдеу полигонын салу жоспарлануда, ал Батыс Қазақстан облысында дәл осындай нысанның сметалық құны 200 млн теңгені құраған. Яғни, Семейде салынатын полигон тіпті 4 емес, 34 есе қымбат тұрады! Әлеуметтік желілерде Семей қаласы әкімдігі жанындағы «Келешек» мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Мақсұт Нығметовтың хаты пайда болды, онда ол Еуропа қайта құру және даму банкіне шенеуніктердің қысымына қарамастан, бұл жобаны жасаудан бас тартатынын хабарлады. Өйткені бұл тарифтің күрт өсуіне әкеп соғады», - деді Линник.

Мәжілісменнің айтуынша, бұл шенеуніктердің сыртқы қарыздарды күмәнді мақсатта пайдаланатындығын көрсетіп отыр. Ал қарызды қайтарғанда қарапайым халықтың қалтасына салмақ түспек.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары