ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» төрағасы қызметінен денсаулығына байланысты кетті ме?

Бұл сұраққа «Самұрық-Қазына» АҚ ресми өкілі жауап берді

Ахметжан Есімов, фото: tengrinews.kz

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Сергей Куянов 29 наурызда «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы қызметінен босатылған Ахметжан Есімовтің денсаулығына қатысты желіде тараған ақпаратқа жауап берді.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Kozachkov offside telegram-каналында Ахметжан Есімовтің «уақытша жұмысқа жарамсыздығына байланысты оның міндеті Алмасадам Сәтқалиевке жүктелетіні» жайлы Үкімет қаулысы шыққаны туралы ақпарат жарияланды.

«Өздеріңіз көргендей, 29 наурызда Ахметжан Есімов ресми іс-шараға белсенді қатысып, әріптестерімен, ұжыммен кездесті.

Үкімет қаулысындағы тұжырымға келетін болсақ, бұл - бірнеше жағдайдың жиынтығы. Бір күн бұрын Есімов мырза ПТР-тест тапсырып, күтпеген жерден оң нәтиже берді. Мұндай тұжырымның үкіметтік құжатта пайда болуы содан. Бірақ екінші рет ПТР-тест тапсырғанда, нәтижесі теріс болды, яғни бірінші нәтиже қате болған», - деп түсіндірді «Самұрық-Қазына» өкілі.

29 наурызда «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы таныстырылып, Ахметжан Есімовтің орнына Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды. Қордың бұрынғы басшысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Үкімет басшысы Асқар Мамин атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.