$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.03.2021, 10:52
Үкімет

СҚО-да сауда-логистикалық хабы құрылады

Өңірді дамытуға 1,8 трлн теңге бөлінбек

СҚО-да сауда-логистикалық хабы құрылады
көрнекі фото

Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуына 1,8 трлн теңге бөлінбек. Оның 517,9 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 43,9 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылса, ал 1,3 трлн теңге жеке инвестициялардан тартылмақ. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында мәлімедеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Жоспар аясында 1,4 трлн теңге сомасына 64 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, олар АӨК, өнеркәсіп, көлік және логистика, туризм және спорт, сондай-ақ өңірдің кәсіпкерлігінің белсенділігін дамытуға бағытталған. АӨК-те 52 сүт-тауар фермасы, құрама жем зауыты, 3 бордақылау алаңы, 2 құс фабрикасы, жылыжай кешені және т.б. салынады. Қойма және сауда алаңдарымен қамтамасыз ету үшін «Қызылжар» сауда-логистикалық хабы құрылады», - деді министр.

Бұдан бөлек, қызметтік белсенділікті дамыту үшін өңірдегі авиарейстер саны айына 16-дан 68-ге дейін артатыны белгелі болды. Туристік бағытта да жаңа нысандар бой көтермек.

«Имантау-Шалқар курорттық аймағында көпфункционалды туристік кешенін салу жоспарланған. Бұл туристер санын жылына 100 мыңнан 280 мыңға дейін көбейтіге мүмкінді береді. Бұдан басқа, 100 адамға арналған қонақ үйі бар спорт орталығының, сондай-ақ Петропавл қаласында 3 мың орынға көпфункционалды спорт сарайы салынады», - деді өз сөзінде ведомство басшысы.

Сондай-ақ, Әсет Ерғалиев кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру, сондай-ақ бизнес субъектілеріне қажетті инфрақұрылымды жеткізу көзделгенін хабарлады.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары