$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.02.2021, 18:22
Үкімет

Бюджеттен бөлінген әр теңге қоғамға пайда әкелуге тиіс - Тоқаев

Президент Бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңес өткізді

Бюджеттен бөлінген әр теңге қоғамға пайда әкелуге тиіс - Тоқаев
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы прокуратуралар басшыларының қатысуымен бейне байланыс режимінде кеңес өткізді. Мемлекет басшысы жиында қаржы саласындағы түрлі алаяқтық әрекеттердің алдын алу қажеттігін атап өтті.

«Қазіргі кезеңде біз экономикадағы жағымсыз үдерістерді жоюға күш салып жатырмыз. Осыған байланысты кейде Ұлттық қордың қаржысын жұмсауға тура келеді. Сондықтан бұл қаражаттың заңды және орынды игерілуі айрықша маңызды. Әсіресе, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржыға ерекше назар аудару керек. Сондай-ақ жалақы, зейнетақы және жәрдемақы төлеу мәселелерін әрдайым бақылауда ұстау қажет. Бюджеттен бөлінген әр теңге мақсатқа сай жұмсалып, қоғамға пайда әкелуге тиіс», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бақылаушы орган өкілдерінің алдына бірқатар міндет қойды.

Серіктес жаңалықтары