$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.02.2021, 09:41
Үкімет

Қазақстан 15 трлн теңге инвестиция тартуға ниетті

Биыл қала халқының 100 %-ы және ауыл халқының 90 %-ы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізеді

Қазақстан 15 трлн теңге инвестиция тартуға ниетті
Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы басты міндеттердің бірі - 15,4 трлн теңге сомасында инвестиция тарту. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.  

«Ең алдымен, биыл экономика өсімін 3% деңгейінде қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін әрбір сала мен өңір бойынша нысаналы параметрлер айқындалды. Сондай-ақ, басты міндеттердің бірі - 2021 жылы 15,4 трлн теңге сомасында инвестициялар тарту. Бұл инвестицияларды ЖІӨ 20% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады Ерғалиев.

Ол инвестициялар мәселесі бойынша жалпы республикалық көрсеткіштер егжей-тегжейлі пысықталғанын атап өтті.

Мысалы, Қарағанды облысында 2021 жылы жалпы өңірлік өнімнің 3,6% деңгейінде өсуін қамтамасыз ету жоспарлануда. 725 млрд теңге сомасында инвестициялар тарту, 25% өсіммен 662 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру және 2021 жылы шамамен 34 мың жұмыс орнын құру жоспарланған.

«2021 жылы 17 білім беру нысанының құрылысы жоспарлануда. 11 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталады. Жақсы жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 85% - ға дейін жеткізу жоспарлануда. Қала халқының 100 %-ы және ауыл халқының 90 %-ы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізеді», - деді министр.

Әсет Ерғалиев нысаналы индикаторлар елдің әрбір елдімекені, қалалар мен ауылдар бойынша бөлшектелгенін айтты.

«Мысалы, Ақтөбе облысында 190 ауылда даму әлеуеті бар. 2021 жылы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту үшін 35 ауылда 75 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл 70 мыңға жуық ауыл тұрғынының өмір сүру сапасын арттыруға және 1 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді ҰЭМ басшысы.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары