$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.01.2021, 12:18
Үкімет

Биыл бюджет саласындағы миллионнан астам жұмыскердің жалақысы өседі - Мамин

ҰБТ толығымен электронды форматқа көшеді

Биыл бюджет саласындағы миллионнан астам жұмыскердің жалақысы өседі - Мамин
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Биыл жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайызға азайту жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ел үкіметі биыл 1,3 млн адамды тұрақты жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Бұл мақсатта алдағы жылдарға ұлттық жоспар да құрылғаны мәлім болды.

«Еңбек нарығын жаңа жағдайға бейімдеу үшін жұмыспен қамтудың жаңа түрлері енгізіледі. Экономикада құрылатын жұмыс орындарының есебін толық жүргізу үшін жұмыспен қамтудың өңірлік жол картасы әзірленеді. Еңбек нарығын дамытудың 2022-2027 жылдарға арналған ұлттық жоспары жасалады. Осы жылы бюджет саласындағы 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысы өседі», - Асқар Мамин.

Үкімет басшысы білім саласындағы инфрақұрылымды дамыту бойынша да бірқатар жоспар барын айтты.

«Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделін енгізу және қосымша білім беруде жан басына қаржыландыру арқылы 3 – 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтуды 99 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. 400 жаңа балабақша ашылады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 180 мектеп салу жоспарланған», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар биылдан бастап ҰБТ тапсыру жүйесі толығымен электронды форматқа көшіру қолға алынбақ. Сондай-ақ, 500 ғалымды әлемдік жетекші ғылыми орталықтарға тағылымдамаға жіберу ұйымдастырылады. Ал, жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді.

Медицина саласының да даму қарқынын үдету жоспарланған.

«Аудандық ауруханалар мен перзентханаларда медициналық жабдықпен қамтамасыз етілу деңгейі 70 пайызға жеткізіледі. 33 фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункт ашу, 2 ғылыми орталық пен  8 көпсалалы аурухана салу жоспарланған», - деді Асқар Мамин.

Серіктес жаңалықтары