$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.01.2021, 12:10
Үкімет

Үкімет басшысы негізгі капиталға салынған инвестицияның не себепті азайғанын түсіндірді

Былтыр Қашаған, ТШО, Қарашығанақ бойынша инвестиция көлемі азайды

Үкімет басшысы негізгі капиталға салынған инвестицияның не себепті азайғанын түсіндірді

Премьер-министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай өндірудің 2021 жылға арналған жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Өткен жылы ОПЕК+ келісімдерін орындау қажеттілігіне байланысты тау-кен өндіру өнеркәсібінің даму серпіні төмен көрсеткіш көрсетті.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі өткен жылы 3,4%-ға қысқарды. Бұл ОПЕК+ келісімін орындау шеңберінде мұнай өндіру көлемінің қысқаруының және мұнайға деген әлемдік бағаның төмендеуі салдарына еліміздегі мұнай-газ саласындағы 3 ірі жоба - Қашаған, ТШО және Қарашығанақ бойынша инвестициялардың қысқаруына байланысты», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің айтуынша, 2021 жылы 86 миллион тонна мұнай мен 55,8 млрд текше метр газ өндіру жоспарымен отын-энергетикалық ресурстарды өндіру және қайта өңдеу көлемін арттыру бойынша жұмыс жалғасады.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары