$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2021, 13:38
Үкімет

Қазақстанда тағы бір мерекелік күн пайда болды

22 желтоқсан - архивші күні

Қазақстанда тағы бір мерекелік күн пайда болды
ҚР Ұлттық мұрағатының ғимараты

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы заңының 4-бабына сәйкес Үкімет қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес, Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі тағы бір атаулы күнмен толығып, 22 желтоқсан – архившілер күні болып бекітілді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың сәуірінде Қазақстанда «Архив-2025» атты жеті жылдық бағдарлама әзірленді. Бағдарлама негізінде ел қызметінде жүрген тарихшылар, мәдениеттанушылар мен деректанушылар отандық және шет елдік архивтермен тығыз қатынас орнатып, ұзақ мерзімді іздеу-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын болады. Белгіленген жеті жыл уақыты аралығында жинақталған деректер мен құнды материалдар архивте сақталып қана қоймай, толықтай цифрланып, оқырман назарына ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары