$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2021, 09:55
Үкімет

«Азаматтарға арналған үкімет» басшысы өз еркімен қызметінен кетті

Әсемгүл Балташева корпорация басшысы болып 2019 жылдың сәуірінде тағайындалды

«Азаматтарға арналған үкімет» басшысы өз еркімен қызметінен кетті
фото: facebook

Әсемгүл Балташева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басқармасының төрайымы қызметінен кетті. Бұл туралы ол facebook желісінде хабарлады.

«Бүгін мен «Азаматтарға арналған үкімет» төрайымы қызметінен өз еркіммен кеттім. Ақ пейіл көңілі мен жемісті жұмысы үшін ұжымыма зор алғыс білдіремін. Менің де алдымда үлкен мақсаттар бар, соларды орындауға тырысып, әлі де жақсы хабарлармен бөлісетін боламын. Отбасыларыңыз аман болсын, әрқайсысыыңызға бақ-береке, табыс тілеймін, ауру-сырқаудан аман болыңыздар!», - деп жазды ол.

Әсемгүл Балташева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы болып 2019 жылдың сәуірінде тағайындалды.

Әсемгүл Серікқызы 1977 жылдың 8 шілдесіне дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін (бухгалтерлік есеп шаруашылықтағы бақылау және талдау), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (экономика және менеджмент) тәмамдаған.

1997-2011 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2011-2012 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ басқарған. Кейін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-да директор орынбасары, бас директор қызметтерін атқарған. 2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылған шақта мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі дирекциясына басшылық етті. 2017 жылдың мамыр айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары