Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды
Азамат Асқарұлы өз өтініші бойынша вице-министр қызметінен босатылды
Үкімет қаулысымен Ержан Қалдыбайұлы Қазанбаев Сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Ержан Қазанбаев 1983 жылы Алматы қаласында туған. 2006 жылы Алматы технологиялық университетін, 2008 жылы Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс Банк» АҚ-ында комплаенс-бақылаушы болып бастаған. Сонымен қатар коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2010-2012 ж.ж. - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат департаментінің инвестициялық саясат басқармасының сарапшысы міндетін атқарушы, сарапшы.
2012-2013 ж.ж. - Экономикалық даму және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті қаржылай қолдау басқармасының басшысы.
2013 жылы - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің мемлекет міндеттемелері басқармасының саясат басқармасының басшысы.
2013-2016 ж.ж. - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары.
2016-2019 ж.ж. - Ұлттық экономика министрлігінің экономика салаларын дамыту департаментінің директоры.
2019 жылғы шілде айынан қазірге дейін ҚР Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.