Қарағанды облысында бірнеше мекемеге ұлы тұлғалардың есімі берілді

Үкімет қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі

Қарағанды облысында бірнеше мекемеге ұлы тұлғалардың есімі берілді
Теміртау қаласы № 15 қазақ мектеп-гимназиясы

Қарағанды облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы Үкімет қаулысы шықты.

Бірнеше мекемеге ұлы тұлғалардың есімдері:

  • Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының № 15 қазақ мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның есімі;
  • Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының № 23 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімі;
  • Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Жалпы орта білім беру № 1 қазақ тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі;
  • Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәкен Сейфуллиннің есімі;
  • Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 38 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қаныш Сәтбаевтың есімі;
  • «Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жалпы білім беретін № 77 мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімі;
  • «Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 58 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Нұркен Әбдіровтің есімі;
  • Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 102 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі;
  • «Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 92 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәкен Сейфулиннің есімі;
  • Қарағанды қаласының әкімдігі «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 103 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлімхан Ермековтің есімі;
  • «Саран қаласы әкімдігінің «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің № 4 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абайдың есімі берілді.

Білім беру ұйымдарының атауы өзгерді:

  • Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Центральный орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Сәбит Мұқанов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Новоузенка жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Кузнецкий жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Ленин жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Петровка жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Гагарин орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Талғат Бигелдинов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Елтай жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің «Ақселеу Сейдімбек атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.