Bek Air әуе компаниясының сертификаты қайтарып алынды

Қазақстанда 3 авиациялық оқу орталығының қызметі тоқтатылды

Bek Air әуе компаниясының сертификаты қайтарып алынды

ҚР Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Bek Air, Sigma Airlines әуе компанияларының сертификаттары қайтарып алынды.

Авиациялық әкімшілік әуе кемелеріне 240 инспекциялық тексеру жүргізді, 79 азаматтық әуе кемесіне мемлекеттік тіркеу куәлігі берілді, ұшуға жарамдылық туралы 145 сертификат, 17 авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты берілді. Әуежайларға 15 инспекциялық тексеру, 20 сертификациялау жүргізілді.

Авиация персоналына куәлік беру бойынша 2638 мемлекеттік қызмет, авиациялық оқу орталықтарына 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 3 авиациялық оқу орталығының қызметі тоқтатылды: Bek Air, Ultuga және Sky School. Одан бөлек, Jet Airlines, Jenis Air, Azee Air, Phoenix, Qazaq Helicopters, MS AIR KZ операторларының қызметі тоқтатылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.