$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.10.2020, 11:22
Үкімет

Арқалықтағы құс фабрикасында асфиксиядан өлген құстарға өтемақы төленбейді – АШМ

Ведомство «Агроинтерптица» фабрикасындағы құстардың бәрі вирустан қырылмаған деп есептейді

Арқалықтағы құс фабрикасында асфиксиядан өлген құстарға өтемақы төленбейді – АШМ

Арқалық құс фабрикасында құстың басым бөлігі вирустан емес, асфиксиядан өлген. «Агроинтерптица» құс фабрикасында желдетудің болмауынан 256 мыңнан астам бас қырылып қалған. Бұл тауықтар үшін өтемақы қарастырылмаған.

««Құс фабрикаларындағы құс өлімі толығымен тоқтады. «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС-де бір айда құс тұмауынан 184 621 құс қырылды. Барлық залал үшін өтемақы беріледі. «Агроинтерптица» ЖШС-не 391 мыңнан астам бас өлді. Оның ішінде желдетудің болмауы салдарынан асфиксиядан 256 040 құс қырылды, олар өтелуге жатпайды. Құс тұмауынан 135 384 бас құс қырылды. Тағы 41 642 бас тәркіленіп, жойылды. Осылайша, екі құс фабрикасына 361 647 бас құс үшін өтемақы беріледі», - деп хабарлады Тұрсын Қабдолданов.», - деді Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов ОКҚ-да өткен брифингте.

Еске сала кетейік, жақында Қостанай облысының Арқалық қаласындағы жылына 120 млн дана жұмыртқа шығаратын және 220 тұрақты жұмыс орны бар «Агроинтерптица» ЖШС құрылтайшысы және инвесторы Александр Лоренц құс фабрикасы белгісіз мерзімге жұмысын тоқтататынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары