$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.11.2019, 07:53
Үкімет

Плагиатпен басы дауға қалған БҒМ вице-министрі қызметінен кететін болды

Оның ғылыми жұмысының көшірме екенін алғаш болып әріптесі мәлімдеген болатын

Плагиатпен басы дауға қалған БҒМ вице-министрі қызметінен кететін болды
ortcom.kz

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова  басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетеді. Бұл туралы министрдің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан өзінің Facebook-парақшасында жазды.

«Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н.Жақыпованы қызметінен босату мәселесі бойынша келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Заңнамасына сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде», - делінген Е.Мұхамеджанның жазбасында.

Еске салайық, бұған дейін ҚР БҒМ Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Анар Қайырбекова Фатима Жақыпованы плагиатпен айналысқан деп айыптаған еді. Яғни, оның диссертациялық жұмысының 60 пайызы біреуден көшіріп алынған деді департамент директоры. Жақыпованың өзі болса мұны қып-қызыл жала дегенімен, Ресейдің антиплагиаттық компаниясы ғылыми жұмыстың расымен де көшірме екенін дәлелдеп берді.

Ал, күні кеше сенатор Еділ Мамытбеков Үкімет басшысы Асқар Маминнен білім саласын мұндай шенділерден тазартуды талап етті.

Серіктес жаңалықтары