$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.11.2019, 21:27
Үкімет

Қазақстандағы ең жемқор мемлекеттік органдар белгілі болды

Бүгін Сенат отырысында Дариға Назарбаева жемқор мемлекеттік органдарды атады

Қазақстандағы ең жемқор мемлекеттік органдар белгілі болды

Полиция ел ішіндегі жемқорлардың көшін бастап тұр. Бүгін Сенат отырысында Дариға Назарбаева жемқор мемлекеттік органдарды атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Transparency International халықаралық ұйымы ұсынған баяндамаға сүйенген ол жемқорлық жайлаған салалар қатарын полициядан соң, мемлекеттік жоғары оқу орындары мен колледждер жалғастыратынын айтты. Бұдан соң қала құрылысын бақылау басқармасы тұр. Ал ең қорқыныштысы, алдыңғы ондыққа балабақшалар кірген екен.

«Қазір біз «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын белсенді жүзеге асырумен айналысып жатырмыз. Бірақ мына мәліметтер бізде бәрі жақсы емес екенін көрсетеді. Тіпті, электронды кезекті де сатып алып жатқандар бар. Осының бәрін реттеу қажет», – деді ҚР Парламенті сенатының төрағасы Дариға НАЗАРБАЕВА.

Серіктес жаңалықтары