$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.11.2019, 20:05
Үкімет

Еліміздегі он ЖОО-да тексеру жұмыстары жүргізіледі – Білім министрі

Министрлік хабарламағандай, бүгінге дейін үш ЖОО-да тексеру жүргізілген

Еліміздегі он ЖОО-да тексеру жұмыстары жүргізіледі – Білім министрі
Фото: inform.kz

Қараша айының соңына дейін министрлік білім сапасын қамтамасыз ету комитетімен еліміздегі 10 ЖОО-да тексеру жүргізеді, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.

Профилактикалық бақылау және бұрын-соңды анықталған кемшіліктер аталған тексеру жұмысына негіз болып отыр.

«Бүгінгі таңда 3 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары аяқталып қалды. Атап айтсақ, «Қайнар» академиясы, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты және Азаматтық авиация академиясы тексеруден өтті. Заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады және білім беру қызметі бойынша лицензияны уақыша тоқтату арқылы әкімшілік істер қаралады», - делінген хабарламада.

Қараша айының соңына дейін еліміздегі 7 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары