$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2020, 12:59
Үкімет

Қазақстанда КВИ-мен күресуге 61 ветеринар-дәрігер іссапарға жіберіледі

Олар адамдар мен жануарлардағы қауіпті инфекциялар диагнозын анықтауда тәжірибесі бар білікті мамандар

Қазақстанда КВИ-мен күресуге 61 ветеринар-дәрігер іссапарға жіберіледі
Фото: ашық дереккөзден

Кеше Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусты анықтау бойынша ПТР-тест өткізуге ветеринарлық қызмет өкілдерін тартуды жоспарлап отырғанын айтты. Ал, бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық зертхана ғимараттарын 26 ПТР жабдығымен ДСМ-ге беруге дайын екенін мәлімдеді.

Жалпы, әлемде медициналық және ветеринарлық зертханалар тең дәрежелі мәртебеге ие. Сондықтан, ветеринарлық медицина және медицина саласындағы халықаралық ұйымдар, соның ішінде ХЭБ, ФАО және ДДСҰ пандемия кезінде коронавирус инфекциясымен күресте ветеринарлық зертханаларды пайдалануды ұсынады.

«Осыған орай, елімізде ПТР-тестілеу мүмкіндігін кеңейту үшін Денсаулық сақтау министрлігіне 1 тамыздан бастап Қазақстанның 11 аймағында орналасқан 24 ветеринарлық зертханалардың мамандандырылған ғимараттары қолданысқа ұсынылады. Пайдалануға берілетін барлық тест орындары зертханалардың екінші қабаттарында орналасады. Сонымен қатар, шалғайдағы ауылдық жерлерде диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін жылжымалы ветеринарлық зертхана қолданылады», - делінген АШМ мәлімдемесінде.

Ғимарат және жылжымалы зертханамен бірге, жалпы жиынтығы 26 ПТР жабдығы беріледі деп жоспарланып. Оған қоса, министрлік Республикалық ветеринарлық зертхана мен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығынан адамдар мен жануарларға қауіпті инфекциялар диагнозын анықтау тәжірибесі бар 67 білікті маманды іссапарға жібереді.

Серіктес жаңалықтары