Новости спорта, футбол, КПЛ

«Ер адамдар 61 жаста, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады» деген ақпарат – жалған

Еңбек министрлігі зейнет жасының қысқаруы туралы ақпаратты жоққа шығарды

«Ер адамдар 61 жаста, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады» деген ақпарат – жалған
Скриншот: facebook

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетке шығу жасы қысқаратыны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты (скриншот) пікір білдірді.

«Қазақстандағы зейнетке шығу жасы қысқаратыны туралы ақпараттық хабарлама (скриншот) әлеуметтік желі мен мессенджерлерде тарап жүр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін растады», - делінген ақпараттың рас-өтірігін анықтайтын www.stopfake.kz интернет-ресурсында.

Нұрлыбек Қуаңбаев есімді Facebook қолданушысының парақшасында жарияланған скриншотта «Ер адамдар 61 жаста, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады» делінген. Мәтінмен бірге Қазақстан Президентінің фотосы қоса берілген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпартты жоққа шығарды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.