$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2020, 09:41
Үкімет

42 500 теңге төлемін 1,2 млн-нан астам қазақстандық алды

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады

42 500 теңге төлемін 1,2 млн-нан астам қазақстандық алды
Фото: Батыржан Беспаев

22 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 730 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 309 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 122 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 1 миллион 730 мың өтінімнің ішінде:

  • 782,87 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
  • 423 мың адам еGgov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
  • 146,1 мың адам  42500.enbek.kz порталы арқылы;
  • 378 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Санаттар бойынша:

  • 782,87 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
  • 92,86 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
  • 854,4 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 1 млн 309 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 122 мың қазақстандыққа аударылды.

16 шілдеден бастап БЖТ төлеушілер болып табылатын адамдар үшін SMS-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылуда.

18 шілдеден бастап БЖТ төлеушілер eGov.kz және 42500.enbek.kz порталы; telegram-bot-тар; Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы; екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтінім бере алады.

Төлемді проактивті тағайындауға келісім берген азаматтарға басқа арналар арқылы өтінім берудің қажеті жоқ, себебі SMS-ке жауап автоматты түрде өтінім беру болып табылады.

17 шілдеден бастап жеке кәсіпкерлерден; жеке практикамен айналысатын адамдардан; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардан өтінімдер қабылданады.

Ақысыз демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлер үшін өтінімді тек жұмыс беруші ғана беретіндігін атап өту қажет. Жұмыс берушілерден (заңды және жеке тұлғалардан) өтініштер 19 шілдеден бастап қабылданады.

Серіктес жаңалықтары